Алматы қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы
VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының XIII сессиясының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 101 шешiмi
(2022.27.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 4 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 8-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 7-баптарына, «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XIV сессиясының 2022.27.01. № 108 шешiмiмен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Алматы қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 1 030 714 024 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 813 018 325 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 4 099 585 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 35 369 200 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 178 226 914 мың теңге;
2) шығындар – 991 638 961,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 14 097 244 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 47 399 396 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 47 736 396 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -22 421 577,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициті пайдалану) – 22 421 577,2 мың теңге.
2. Алматы қаласы бюджетінің кірістері мынадай салықтар мен алымдар есебінен құралады деп белгіленсін:
ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығынан;
төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығынан;
төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығынан;
төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығынан;
әлеуметтік салықтан;
заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салықтан;