«Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 173 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 188 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 28 ақпандағы

№ 173 бұйрығымен бекітілген



«Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидалары


1. Жалпы ережелер

 

1. «Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген, радиотехникалық объектілерді (бұдан әрі - РТО) күтіп-ұстауға және пайдалануға, оларды орналастыруға, жұмыс жағдайларына, электр магниттік өрістердің (бұдан әрі - ЭМӨ) деңгейлерін бақылауға, РТО тудыратын ЭМӨ-нің адамға қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі іс-шараларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды және қызметі РТО-ны орналастыруға және пайдалануға байланысты жеке және заңды тұлғаларға арналған.

2. Осы Санитариялық қағидалардың талаптары радиобайланыстың, радио хабарларын таратудың, радиолокацияның, радиобасудың стационарлық РТО тудыратын радиожиілік ауқымындағы (30 килоГерц (бұдан әрі - кГц) 300 ГегаГерц (бұдан әрі - ГГЦ) ЭМӨ-нің адам денсаулығына қолайсыз әсерінің алдын алуға бағытталған. Басқа мақсаттарда қолданылатын радиоэлектрондық құралдарға Санитариялық қағидалардың талаптары егер басқа нормативтік құжаттарда өзгеше айқындалмаса, ЭМӨ әсерінің рұқсат етілетін деңгейлерінің нормативтік мәндерінің саласында пайдаланылады.

3. Санитариялық қағидалардың талаптары тұрақты немесе уақытша тұрақтарда пайдалану кезінде көлік құралдарына орнатылған РТО қоспағанда, жылжымалы және ұтқыр радиобайланыс құралдарына, абоненттік терминалдарға қолданылмайды.

4. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.