«Мәслихаттың 2020 жылғы 18 тамыздағы № 337 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2022 жылғы 19 мамырдағы № 124 шешімі (күші жойылды)

Мәслихаттың 2020 жылғы 18 тамыздағы № 337 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2022 жылғы 19 мамырдағы № 124 шешімі

 

Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 85 шешімімен күші жойылды

 

Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 18 тамыздағы № 337 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9399 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«6. Әлеуметтік көмек мерзімді (ай сайын, жартыжылдықта 1 рет):

1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тұрмыстық қажеттіліктеріне, табыстарын есепке алмай, ай сайын, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2) Заңның 5, 6, 7, 8-баптарында көрсетілген ардагерлерге және басқа да адамдарға, тұрмыстық қажеттіліктеріне, табыстарын есепке алмай, ай сайын, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.