«Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 1112 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 246 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10762 тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормаларында:
реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 20 | Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Бас прокуратурасын, сондай-ақ арнайы көлігі барларын қоспағанда, қызметкерлерінің саны: | |||||
| 100-ге дейін | 1 | 3000-нан көп емес | *** | |||
| 100-ден 200-ге дейін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне және олардың облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы** ведомстволарына көлік қызметін көрсету | 2 | 3000-нан көп емес | *** |
»;
реттік нөмірі 22-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 22 | Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарға көлік қызметін көрсету ***** | |||||
| Ақмола облысы | 306 | 3000-нан көп емес | ***** | |||
| Ақтөбе облысы | 216 | 3000-нан көп емес | ***** | |||
| Алматы облысы | 306 | 3000-нан көп емес | ***** | |||
| Атырау облысы | 141 | 3000-нан көп емес | ***** | |||
| Шығыс Қазақстан облысы | 306 | 3000-нан көп емес | ***** | |||
| Жамбыл облысы | 186 | 3000-нан көп емес | ***** | |||
| Батыс Қазақстан облысы | 216 | 3000-нан көп емес | ***** | |||
| Қарағанды облысы | 291 | 3000-нан көп емес | ***** | |||
| Қостанай облысы | 321 | 3000-нан көп емес | ***** |