Кәсіби дипломның, кәсіби диплом растамасының үлгілерін, кәсіби дипломды, кәсіби диплом растамасын, жеңілдік рұқсатын беру, олардың қолданылу мерзімін тоқтата тұру, оларды алып қою қағидаларын, сондай-ақ кеме экипажы мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 421 бұйрығы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығымен күші жойылды
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-3) және 55-29) тармақшаларына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кәсіби дипломның үлгісі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кәсіби диплом растамасының үлгісі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес кәсіби дипломды, кәсіби диплом растамасын, жеңілдік рұқсатын беру, олардың қолданылу мерзімін тоқтата тұру, оларды алып қою қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес кеме экипажы мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;