«Тексеруді тағайындау, нәтижелері, ұзарту, тоқтата тұру, қайта бастау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама актілердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 436 бұйрығы

Тексеруді тағайындау, нәтижелері, ұзарту, тоқтата тұру, қайта бастау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама актілердің нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 436 бұйрығы

 

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналардың:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексеруді тағайындау туралы актінің;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексеру нәтижелері туралы актінің;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексеруді ұзарту туралы актінің;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексеруді тоқтата тұру туралы актінің;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексеруді қайта бастау туралы актінің;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы актінің;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысандары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1-қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.