«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 103 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2025 жылғы 12 маусымдағы № 89 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 103 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2025 жылғы 12 маусымдағы № 89 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 103 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9988 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілерін өткізу қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілерін өткізу қағидаларында:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілерін өткізу қағидалары»;

1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілерін өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілерін өткізу тәртібін айқындайды.

2. Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілері балалар, жастар, ересек халық үшін (бұдан әрі - жеке тұлғалар) өткізіледі.

3. Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілері, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жеке тұлғалардың дене дайындығына қойылатын нормативтерден тұрады.»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.