«Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 613 бұйрығы

«Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 613 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11844 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

«Жалпыәскери азық үлесі» деген 1-нормаға ескертпе мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

«12) резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілер.»;

«Ауыз сумен қамтамасыз ету» деген негізгі нормаға қосымша азық үлесінің ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Ескертпе: осы норма бойынша мемлекет есебінен:

1) әскери қызметшілер далалық шығуда, оқу-жаттығуда, маневр жасауда, зілзала мен апат ауданында болған кезде, төтенше жағдайда, қарулы жанжал кезінде және бітімгершілік операцияларда;

2) резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілер жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан және жиындардан өту кезінде, дағдарыстық ахуал кезінде;

3) әскери жиынға шақырылған әскери міндеттілер, оқу-жаттығу полигондары мен орталықтарында әскери даярлықтан өтетін әскери кафедра студенттері жабдықталады;

4) климаты ыстық өңірде (Шымкент қаласы, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау және Атырау облыстары) жабдықталымдағы көрсетілген санат 1 маусым - 31 тамыз кезеңінде тәулігіне 1,5 литрден бөтелкедегі ауызсумен қамтамасыз етіледі.»;

«Емдеу-алдын алу үлесі» деген негізгі нормаға қосымша азық үлесінің ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.