ҚР СТ 2.4-2019 «Өлшем құралдарын салыстырып тексеру. Ұйымдастыру және жүргізу тәртібі»

Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі

ҚР СТ 2.4-2019

Өлшем құралдарын салыстырып тексеру
Ұйымдастыру және жүргізу тәртібі


Мазмұны

 

1. Қолданылу саласы

2. Нормативтік сілтемелер

3. Терминдер мен анықтамалар

4. Жалпы ережелер

5. Салыстырып тексеруді жүргізу тәртібі және түрлері

А қосымшасы (ақпараттық). Өлшем құралдарын салыстырып тексеру кестесінің нысаны

Библиография

 

 

1. Қолданылу саласы

 

Осы стандарт [1] сәйкес қалыптастырылған және [2] сәйкес бекітілген мемлекеттік реттеуге жататын, өлшем тізбелерінде метрологиялық талаптар белгіленген өлшеу кезінде қолданылатын, өлшем құралдарын салыстырып тексеруді ұйымдастыруға және жүргізу тәртібіне қойылатын негізгі талаптарды белгілейді.

Осы стандарттың талаптары өлшем құралдарын өндірумен, жөндеумен, әкелумен, өткізумен және пайдаланумен айналысатын мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

 

 

2. Нормативтік сілтемелер

 

Осы стандартты қолдану үшін мынадай стандарттау жөніндегі құжаттар қажет:

ҚР СТ 2.1-2018 Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Терминдер мен анықтамалар.

ҚР СТ 2.40-2002 Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Шетелдік метрологиялық ұйымдар жүргізетін өлшем құралдарын бастапқы тексеру (калибрлеу) нәтижелерін тану тәртібі.

ГОСТ 18242-72 Балама белгісі бойынша статистикалық қабылдау бақылауы. Бақылау жоспарлары.

ГОСТ 20736-75 Сандық белгісі бойынша статистикалық қабылдау бақылауы. Бақылау жоспарлары.

ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар.

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.