«Трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларын және өзара есеп айырысу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 119 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 8 қазандағы № 506/НҚ бұйрығы

«Трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларын және өзара есеп айырысу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 119 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 8 қазандағы № 506/НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларын және өзара есеп айырысу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 119 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13340 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 19-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидалары және өзара есеп айырысу тәртібінде:

2-тармақта:

25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«25) санкцияланбаған трафик (фрод) - трафикті өткізуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желілерін қосу және олардың өзара іс-қимылының белгіленген қағидаларын бұза отырып өткізілетін трафик, оның ішінде шақырушы абоненттің нөмірін ауыстыра отырып өткізілетін трафик»;

59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«59. Қосу нәтижесінде құрылған желілердің техникалық құралдары бойынша жергілікті, қалааралық, халықаралық телефон трафигін, деректерді беру трафигін (оның ішінде IP-телефония операторларының трафигін), ұялы байланыс желілерінен/желілеріне трафикті өткізу тек қосылатын және қосылып отырған операторлар арасында жасалған шарттар негізінде рұқсат етіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.