Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 335 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер (бұдан әрі - өзгерістер) бекітілсін.
2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістердің 3-тармағының бесінші және алтыншы абзацтарын және 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістердің 3-тармағының үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Үкіметінің
2026 жылғы 27 сәуірдегі
№ 335 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 3 шiлдедегi № 505 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтен бөлінген қаражатты пайдалану Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің талаптарына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдеріне, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдеріне (бұдан әрі - № 328 рәсімдер) сәйкес жүзеге асырылады.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: