«Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 484 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 895 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 958-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:
4-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 20-тармағы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерудің мерзімі - 5 жыл. Жас және топтық кезеңдері мынадай:
1) бөбек жасы - 1 жастан 3 жасқа дейін:
ерте жастағы топ - 1 жастан 2 жасқа дейін;
бірінші кіші топ- 2 жастан 3 жасқа дейін;
2) мектепке дейінгі жас - 3 жастан 6 жасқа дейін:
екінші кіші топ - 3 жастан 4 жасқа дейін;
ортаңғы топ - 4 жастан 5 жасқа дейін;
мектепалды даярлық - 5 жастан 6 жасқа дейін.».
22-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың барлық жас деңгейлері үшін оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарында белгіленеді.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты:
1) білімнің мазмұнына;
2) білім алушылардың оқу жүктемесінің ең көп көлеміне;
3) білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптарды айқындайды.»;
51-тармақ алып тасталсын;
55-тармақ алып тасталсын;
60 және 61-тармақтар алып тасталсын;