«Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 1529 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 60 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 982 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 110 бірлескен бұйрығы
ҚР Әділет министрінің м.а. 2026 жылғы 31 тамыздағы № 864 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі № 143 бірлескен бұйрығымен 2026 ж. 8 қыркүйектен бастап күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 1529 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 60 бірлескен бұйрығына (нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк реестрiнде № 17706 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;
1 тармақтың 2) және 3) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасы осы бұйрыққа қоса берілген 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бірлескен бұйрықтың 4-қосымшасы осы бұйрыққа қоса берілген 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бірлескен бұйрықтың 5-қосымшасы осы бұйрыққа қоса берілген 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.