«Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 10 қаңтардағы № 2-НҚ нормативтік қаулысы

«Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 10 қаңтардағы № 2-НҚ нормативтік қаулысы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалау жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«9. «Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және орындау» бағытының өлшемшарттары:

1) Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру;

2) жоспардан тыс аудит жүргізу туралы хабарламалар жіберу;

3) Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне өзгерістер енгізу;

4) Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінің орындалуы (өтпелі аудиторлық іс-шараларды қоспағанда, Мемлекеттік аудит объектілерінің бастапқы тізбесіне қарағанда нақтыланғанның ауытқуы).

10. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу» бағытының өлшемшарттары:

1) мемлекеттік аудит барысында бұзушылықтарды анықтау;

2) орындау мерзімі басталған тапсырмалар/нұсқамалар бойынша бұзушылықтар сомасын бюджетке өтеу (камералдық бақылауды қоспағанда);

3) орындау мерзімі басталған тапсырмалар/нұсқамалар бойынша анықталған бұзушылықтарды қалпына келтіру және есепке алу бойынша көрсету (камералдық бақылауды қоспағанда);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.