«Атырау облысы Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже» (Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 292 қаулысымен бекітілген) (2022.26.05. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Атырау облысы әкімдігінің

2020 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 292 қаулысымен бекітілген

 

Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 132 Қаулысымен ереже алып тасталды

 

Атырау облысы әкімдігінің 2022.26.05. № 117 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда

«Атырау облысы Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

(2022.26.05. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Атырау облысы Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) бюджетті атқаруды, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізуді, коммуналдық мүлікті басқару және мемлекеттік сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

8. Басқарманың орналасқан жері: 060010, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.