«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Базалық дәріханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 маусымдағы № 956 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының «Базалық дәріханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) оған «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының № 1 дәріханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.