Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттік авиациясының бірлесіп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 2011 жылғы 18 наурыздағы № 128 және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі 2011 жылғы 25 ақпандағы № 91 бірлескен бұйрығы
(2015.04.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 14 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттік авиациясының бірлесіп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.