«Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 13 қаңтардағы № А-1/8 Қаулысы (күші жойылды)

Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 13 қаңтардағы № А-1/8 Қаулысы

 

Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 ақпандағы № А-2/54 Қаулысымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабындағы 3-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ауыл шаруашылығы алқаптарының бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № А-6/273 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4885 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

атауы орыс тілінде жаңа редакцияда жазылады, қазақ тілінде өзгермейді;

1-тармағы орыс тілінде жаңа редакцияда жазылады, қазақ тілінде өзгермейді;

көрсетілген қаулысымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы алқаптарының бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы рұқсаты (бұдан әрі - шешім) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 271 бұйырығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы алқаптарының бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11052 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) 9-1-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.»;

4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.