Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2023.31.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
ҚР Президентінің 2018.04.07. № 714 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы Жарлық:
1) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, өзгерістер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылатын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ереженің (бұдан әрі - Ереже) 15-тармағының 3) тармақшасын;
2) Ереженің 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 15-тармағының 9) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.