«Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын қызметтік жануарлармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 404 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 9 тамыздағы № 696 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 7 қазандағы № 752 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын қызметтік жануарлармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11270 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын қызметтік жануарлармен қамтамасыз етудің заттай нормаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөліністерін жылқылармен қамтамасыз ету»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелерін жылқыларды өсіру бойынша қамтамасыз ету».
3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелерін қызметтік иттермен қамтамасыз ету».