Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында қатты пайдалы қазбалар өндіру бойынша «Қужал» кен орнының шекарасындағы Көкпекті өзені учаскесінің су қорғау аймағын, белдеуін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы
Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 64/01 Қаулысы
Осы редакция 2025 жылғы 8 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 116 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында қатты пайдалы қазбалар өндіру бойынша «Қужал» кен орнының шекарасындағы Көкпекті өзені учаскесінің су қорғау аймағы, белдеуі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген су объектісі учаскесінің су қорғау аймағының, белдеуінің шаруашылықта пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігі, «Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы», «Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемелері, мемлекеттік уәкілетті органдар, өз құзырларының шеңберінде заңнамамен белгіленген тәртіпте, осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Әкім | Б. Әбдіғалиұлы |
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі
Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі
Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы»