«Мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің, нөмірлік мөртабанның және пломбирдің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 92 бұйрығы (2019.23.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің, нөмірлік мөртабанның және пломбирдің үлгісін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 92 бұйрығы

(2019.23.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Энергетика министрінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 386 бұйрығымен күші жойылды

 

«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 44) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның мемлекеттік техникалық инспекторлары үшін:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің үлгісі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік техникалық инспектордың нөмірлі мөртабанының үлгісі;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік техникалық инспектордың пломбир үлгісі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.