«Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 Қаулысына 3-қосымша) (2019.07.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.07.02. № 26 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы 30 сәуірдегі

№ 71 қаулысына

3-қосымша

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 71 Қаулысымен күші жойылды

 

«Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2019.07.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - микроқаржылық ұйымына оны микроқаржылық ұйымдардың тізіліміне енгізу туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 11-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.