«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 19 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 13 мамырдағы № 20/қе бұйрығы

 «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 19 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 13 мамырдағы № 20/қе бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № № 10988 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларында:

40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«40. Кезекші кезекшілік бөлімде:

осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысандағы кезекшілікті қабылдап-тапсыру журналын;

осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысандағы қарулар мен оқ-дәрілерді беру және қайтарып алуды есепке алу журналын;

осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысандағы изолятордың қызметтік кілттерін есепке алу журналын;

осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысандағы кездесулерді, сәлемдемелерді, сәлем-сауқатты және ақша аударымдарын есепке алу журналын;

осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысандағы күдіктілер мен айыпталушылардың келуін және кетуін тіркеу журналын;

осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысандағы изолятордың санитарлық есепке алу журналын;

осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысандағы күдіктілер мен айыпталушылардың шағымдарын және өтініштерін тіркеу журналын сақтайды және жүргізеді.»;

43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.