2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) арнайы шотқа туроператор немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушы қалыптастырған және турагент Қазақстан Республикасының азаматына өткізген әрбір туристік өнімнен уәкілетті орган бекіткен сомада ақшаны аудару жүктеледі.
2. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі субъектілерінің осы бапта санамаланған міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісіне және уәкілетті органға жүктеледі.
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы бапта көзделген міндеттемелерді орындамайтын немесе тиісті түрде орындамайтын туроператордың немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушының Қазақстан Республикасының азаматтарына шығу туризмі саласындағы туристік қызметтерді көрсеткені анықталған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осындай мән-жай анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығу туризмі саласындағы туристік операторлық қызметке арналған лицензияның (лицензияға қосымшаның) қолданысын тоқтата тұруды жүзеге асыруға міндетті.
27-4-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғау тетігі
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қорғау бойынша әрекеттерді жүзеге асыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі уәкілетті органмен келісу бойынша мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасы азаматының шығу туризмі саласындағы құқықтары бұзылған жағдайда, оның жазбаша немесе ауызша өтініші болғанда;
2) Қазақстан Республикасының шығу туризмі саласындағы туристiк қызмет туралы заңнамасын бұзу фактілері бойынша мемлекеттік органдардың өтініші болғанда;
3) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын бұзу фактілері бойынша туристер бірлестігінің (бірлестіктерінің) жазбаша өтініші болғанда;
4) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын бұзу фактілері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өтініші болғанда;
5) шығу туризмі саласында Қазақстан Республикасы азаматтарының өміріне және денсаулығына зиян келтіру қаупі туындаған өзге де жағдайларда қабылдайды.
2. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі қабылданған шешім туралы туроператор немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушы басшысын, туристер болған елдегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесін бір тәулік ішінде хабардар етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді.
3. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында айқындалады.
ҚР 22.02.02 ж. № 296-11 Заңымен 28-бап өзгертілді; 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
28-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 28-1-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 28-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 28-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 28-1-бап жаңа редакцияда
28-1-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тексеру жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне жəне осы Заңға сəйкес жүзеге асырылады.
3. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектісіне беру және бақылау субъектісіне әкімшілік жүктемені төмендету бақылау объектісіне (субъектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
Бақылау объектісіне (субъектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган ақпаратты талдау нысанында жүзеге асырады.
Мыналар талдау үшін ақпарат көздері болып табылады:
ресми статистикалық ақпарат;
мемлекеттік органдардың ақпараты;
дерекқорды қалыптастыру мен жүргізу жөніндегі ұйымның ақпараты;
ішкі туризм мен келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйымның ақпараты;
Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің ақпараты;
туристік қызмет субъектілерінен келіп түсетін ақпарат.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті орган бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды ресімдейді және жібереді.
Бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бақылау субъектісінің жеке өзіне қолын қойғызып немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымда оны алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - уәкілетті органның сұрау салуы кезінде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жіберген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
4. Бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
5. Бақылау субъектісі бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны жіберген уәкілетті органға қарсылық жіберуге құқылы.
6. Бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.
7. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
29-бап. Өтпелi ережелер
Осы Заң қолданысқа енгiзiлген кезде туристiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай мерзiм iшiнде өз қызметiн осы Заңға сәйкес келтiруге мiндеттi.
Қазақстан Республикасының