Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында формальдылықты оңайлату мақсатында рәсімдерді белгілеуге жәрдемдесуге тиісті шаралар жиынтығын білдіретін халықаралық әуе тасымалдары кезіндегі формальдылықты оңайлату бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 243 Қаулысы
Осы редакция 2019 жылғы 6 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 3-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында формальдылықты оңайлату мақсатында рәсімдерді белгілеуге жәрдемдесуге тиісті шаралар жиынтығын білдіретін халықаралық әуе тасымалдары кезіндегі формальдылықты оңайлату бағдарламасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 20 сәуірдегі
№ 243 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында формальдылықты
оңайлату мақсатында рәсімдерді белгілеуге жәрдемдесуге тиісті шаралар
жиынтығын білдіретін халықаралық әуе тасымалдары кезіндегі
формальдылықты оңайлату
бағдарламасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында формальдылықты оңайлату мақсатында рәсімдерді белгілеуге жәрдемдесуге тиісті шаралар жиынтығын білдіретін халықаралық әуе тасымалдары кезіндегі формальдылықты оңайлату бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес әзірленген.
2. Осы Бағдарламада пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.