Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді алуға құқығы бар жеке тұлғалардың жекелеген санаттарын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 265 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 110-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді алуға құқығы бар жеке тұлғалардың мынадай жекелеген санаттары:
1) қайтарымды негізде микрокредит беру, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту үшін:
жұмыссыздар;
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген қысқартылатын жұмыскерлер;
дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмей кіріс алу мақсатында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру (өткізу) жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын адамдар және (немесе) әрекетсіз дара кәсіпкерлер;
отбасылық кәсiпкерлiкте еңбекақы төленбейтін қызметті дербес жүзеге асыратын адамдар;
жеке қосалқы шаруашылықта сату (айырбастау) үшін өнім өндіру жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейiнен аз адамдар;
табысы ең төменгі күнкөріс деңгейiнен аз өндірістік кооператив мүшелері;
ісін жаңадан бастаған және/немесе жұмыс істеп жүрген дара кәсіпкерлер;
2) халықтың әлеуметтік осал топтарына жаңа бизнес идеяларды іске асыруға өтеусіз гранттар беру үшін, оның ішінде:
атаулы әлеуметтік көмек алушылар;