Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін - салық берешегі есебіне, төлеушінің - кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 111 бұйрығы
(2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2022.21.07. № 739 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2024.26.09. № 648 бұйрығымен (2024 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.06.10. № 578 бұйрығымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 133-бабы 10-тармағына, 187-бабы 3-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 132-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлған кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің - кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздың есебіне өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамамада белгіленген тәртіппен:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;