«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 11 маусымдағы № 187 бұйрығы

«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 11 маусымдағы № 187 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10486 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификаттау және сертификат беру қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 4-3, 4-4, 4-5 және 4-6-тармақтармен толықтырылсын:

«4-1. Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау мыналарды қамтиды:

өтініш берудің алдындағы кезеңі;

құжаттаманы бағалау кезеңі;

сертификаттауға ресми өтініш беру кезеңі;

көрсету және тексеру кезеңі;

сертификат беру кезеңі.

4-2. Авиациялық оқу орталығын сертификаттауға өтініш берудің алдындағы кезең өтініш берушінің авиациялық оқу орталығын сертификаттау мақсатында консультациялық көмек алу үшін уәкілетті ұйымға жүгіну мүмкіндігін көздейді.

4-3. Құжаттаманы бағалау кезеңі уәкілетті ұйымға персоналды даярлау жөніндегі нұсқаулықты және кәсіптік даярлау рәсімдері мен бағдарламасын келісуге өтініш берген сәттен басталады.

4-4. Авиациялық оқу орталығын сертификаттауға ресми өтініш беру кезеңі уәкілетті ұйымға өтініш берген сәттен басталады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.