Стенограмма заседания Мажилиса Парламента Республики Казахстан (25 апреля 2018 года)

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ПАРЛАМЕНТІНІҢ МӘЖІЛІСІ

(Алтыншы сайланымның үшінші сессиясы)

 

Стенограмма

 

2018 жылғы 25 сәуір

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ БАСЫЛЫМЫ

Астана 2018

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ

ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ

 

2018 жылғы 25 сәуір

 

Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.З. НЫҒМАТУЛИН жүргізді.

 

ТӨРАҒА. Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Құрметті депутаттар, баршаңызды тіркеуден өтулеріңізді сұраймын. Уважаемые коллеги, прошу всех вас пройти процедуру регистрации.

Жұмысымызды бастау үшін қажетті кворум бар. Мәжілістің жалпы отырысын ашық деп жариялаймын.

Құрметті әріптестер, күн тәртібінің жобасы сіздерде бар. Сол бойынша сұрақтарыңыз бар ма?

 

ОРНЫНАН. Жоқ.

 

ТӨРАҒА. Онда күн тәртібі бойынша дауыс берулеріңізді сұраймын.

Нәтижесін экранға беріңіздер. Күн тәртібі бекітілді.

Құрметті депутаттар, енді күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға көшеміз.

Бірінші мәселе - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуекелдік (венчурлік) қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде. Бұл мәселе бойынша сөз Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы депутат Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызына беріледі.

 

ҚАРАҚҰСОВА Г.Ж. Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы! Құрметті әріптестер! Аталған заң жобасы Мәжіліске 2018 жылғы 16 сәуірде Үкіметтің № 198 қаулысымен енгізілді.

Бұл заң жобасы венчурлік қаржыландыруға байланысты инновациялық белсенділікті арттыру, жеке венчурлік капитал нарығының дамуын және тиімді жұмыс істеуін ынталандыру мақсатында әзірленген.

Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасы бойынша 2018 жылғы 26 желтоқсанға дейінгі мерзімге қорытынды әзірлеуге дайын.

Қолдауларыңызды сұраймын.

 

ТӨРАҒА. Рақмет.

Гүлжан Жанпейісқызына сұрақтарыңыз бар ма?

 

ОРНЫНАН. Жоқ.

 

ТӨРАҒА. Онда осы қаулының жобасы бойынша дауыс берулеріңізді сұраймын.

Нәтижесін экранға беріңіздер. Қаулы қабылданды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.