2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімдерде электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасына беруді жүзеге асыруға міндетті.
Электрондық ақпараттық ресурстың иеленушісін қоспағанда, электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасында сақталатын электрондық ақпараттық ресурстың көшірмелеріне қол жеткізуге тыйым салынады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Дербес деректері бар ақпараттандыру объектісінің иеленушісі Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында көзделген шараларды жүзеге асыруға міндетті.
3. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің иеленушісі өзіне тиесілі объектілерде орналастырылған электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігі және қорғалуы, ақпараттық жүйелердің қорғалуы үшін электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе иеленушісі алдында жауапты болады.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Заңмен қорғалатын құпияны қамтитын деректерді өңдейтін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің иеленушісі жылына кемінде бір рет ақпараттық қауіпсіздік аудитін жүргізеді. Екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық қауіпсіздігінің аудиті Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
18-бап. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері
1) Қазақстан Республикасының заңнамасы, электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе иеленушісі айқындаған шарттарда электрондық ақпараттық ресурстарды, оның ішінде ашық деректерді алуға, пайдалануға, таратуға, тапсыруға, үшінші тұлғаларға беруге, ақпараттық жүйені пайдалануға;
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, электрондық ақпараттық ресурстарда, ақпараттық жүйеде қамтылатын өзінің дербес деректерімен танысуға құқылы.
1) электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйенің меншік иесінің немесе иеленушісінің және үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйенің қорғалуын қамтамасыз етуге;
3) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 18-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-1-бап. Зияткерлік робот меншік иесінің және иеленушісінің құқықтары мен міндеттері
Зияткерлік роботтың меншік иесі мен иеленушісі арасындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында реттеледі.
Зияткерлік роботтың меншік иелері мен иеленушілері дербес деректер субъектісіне осы Заңның 36-бабының 6-тармағына сәйкес автоматтандырылған өңдеу туралы хабар беруге міндетті.
18-2-бап. 2023.10.07. № 19-VIІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 10 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-бап. Электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің түрлері
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер автоматтандырылу дәрежесі бойынша:
2) ішінара автоматтандырылған болып табылады.
Қызмет көрсету процесінде қағаз құжат айналымын және қызмет көрсету субъектісінің қатысуын болғызбайтын қызмет толықтай автоматтандырылған болып табылады.
Қызмет көрсету процесінде қағаз және электрондық құжат айналымының кезектілігін қамтитын электрондық көрсетілетін қызмет ішінара автоматтандырылған қызмет болып табылады.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Электрондық нысанда көрсетілетін қызмет көрсетілу тәсілі бойынша:
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) композиттік;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) проактивті болып табылады.
Пайдаланушыға электрондық ақпараттық ресурстар беру жөніндегі көрсетілетін қызмет электрондық нысанда көрсетілетін ақпараттық қызмет болып табылады.
Пайдаланушыға оның сұрау салуы немесе тараптардың өзара ақпарат алмасуды талап ететін келісу бойынша электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі көрсетілетін қызмет электрондық нысанда көрсетілетін интерактивті қызмет болып табылады. Интерактивті қызметті көрсету үшін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыру талап етілуі мүмкін.
Пайдаланушыға өзара ақпарат алмасуды талап ететін және төлемдерді электрондық нысанда жүзеге асырумен байланысты электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөнінде көрсетілетін қызмет транзакциялық көрсетілетін қызмет болып табылады. Транзакциялық қызметті көрсету үшін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыру талап етілуі мүмкін.
Берілуі үшін электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушы субъектінің сұрау салуы жеткілікті және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыру міндетті болатын өзара байланысты көрсетілетін қызметтер кешені электрондық нысанда көрсетілетін композиттік қызмет болып табылады.
Қызметтер көрсету субъектісінің бастамасы бойынша қызметтерді алу субъектісінің өтінішінсіз көрсетілетін қызмет электрондық нысанда көрсетілетін проактивті қызмет болып табылады.
3. Электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер өтеулілік сипаты бойынша:
Электрондық нысанда қызмет көрсететін субъектіге сыйақы төлеуді көздейтін көрсетілетін қызмет өтеулі көрсетілетін қызмет болып табылады.
Электрондық нысанда қызмет көрсететін субъектіге сыйақы төлемей көрсетілетін қызмет өтеусіз көрсетілетін қызмет болып табылады.
20-бап. Электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде мәліметтер ұсыну
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қызметтер көрсету субъектілері «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінен көрсетілетін қызметті алушылардың төлемдері туралы электрондық нысандағы мәліметтерді анық мәліметтер ретінде қабылдайды.
2. Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар электрондық нысанда қызметтер көрсететін субъектінің және электрондық нысанда қызметтер алатын субъектінің сұрау салуы бойынша мынадай:
1) мемлекеттік қызметтер электрондық нысанда көрсетілген кезде - банк шотының сұрау салуда көрсетілген тұлғаға тиесілігі және жылжымалы және жылжымайтын мүлік кепілі шартының бар-жоғы туралы;
2) жеке және заңды тұлғалар электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерді жүзеге асырған кезде ақша сомасы, төлемнің жүзеге асырылған күні, ақшаны жөнелтуші және бенефициар туралы мәліметтерді электрондық нысанда ұсынады.
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
20-1-бап. Жай электрондық қолтаңбаны пайдалану
1. Жай электрондық қолтаңба кодтарды, парольдерді немесе өзге де сәйкестендіру құралдарын пайдалану арқылы адамның қолтаңбасын растаудың электрондық-цифрлық түрі болып табылады.
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілері шетелдіктермен, шетелдік заңды тұлғалармен, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде жай электрондық қолтаңбаны пайдалануға құқылы.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нотариаттық куәландыруға немесе міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын мәмілелерді және тізбесін уәкілетті орган бекітетін мәмілелерді қоспағанда, мынадай жағдайлар орындалған кезде:
1) мәміле тараптары арасында өзара мәмілелер жасау кезінде жай электрондық қолтаңбаны пайдалану туралы жазбаша нысанда келісімге қол жеткізілсе;
2) мәміле тараптары жазбаша нысандағы өзара келісіммен жай электрондық қолтаңба арқылы өзара жасалған мәмілелердің түпнұсқалығы мен жарамдылығын таныса, мәмілелерге қол қоюға өкілеттігі бар тұлғаның жай электрондық қолтаңбасы арқылы куәландырылған мәмілелердің қол қойылған қағаз жеткізгіштердегі құжаттармен мәні бірдей болады.
Осы баптың талаптары пилоттық жоба шеңберінде 2026 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.
2-БӨЛІМ. АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
4-тарау. «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ»
21-бап. «Электрондық үкіметтің» жұмыс істеуі
1. «Электрондық үкіметтің» жұмыс істеу мақсаттары:
1) мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетудің қолжетімділігін, сапасы мен жеделдігін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік органдардың қызметінде жариялылықты арттыру, ақпараттың қолжетімділігін, барлық деңгейлердегі мемлекеттік басқару мәселелерін шешуде қоғамдық бақылауды және халықтың қатысуын қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік басқарудың әкімшілік реформасын іске асыру мен оны қолдап отыруды қамтамасыз ету;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы мемлекеттік органдардың қызметін оңтайландыру;
5) құжаттарды қағаз жеткізгіште пайдалануды және оларды ұсыну жөніндегі талаптарды қысқарту (болғызбау) болып табылады.
2. «Электрондық үкімет» жұмыс істеген кезде:
1) мемлекеттік органдардың қызметі туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратқа жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуі;
2) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде қамтылған ақпаратқа мемлекеттік органдардың қол жеткізуі;
3) мемлекеттік органдардың қызметін автоматтандыру;
4) мемлекеттік органдардың қызметінде, оның ішінде электрондық нысанда мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде электрондық құжат айналымын пайдалану;
5) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, жинақтау және сақтау кезінде қайталануды болғызбау;
6) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігі және қорғалуы қамтамасыз етіледі.
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22-бап. «Электрондық үкімет» архитектурасы
«Электрондық үкімет» архитектурасын қалыптастыру, оның іске асырылуын мониторингтеу және дамыту «электрондық үкімет» архитектурасын қалыптастыру және оның іске асырылуын мониторингтеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
«Электрондық үкімет» архитектурасын дамыту ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар ескеріліп қамтамасыз етіледі.
23-бап. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24-бап. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25-бап. Мемлекеттік функцияларды автоматтандыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру «электрондық үкіметтің» архитектурасына сәйкес және жүргізілген реинжиниринг ескеріле отырып, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту арқылы не «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін немесе ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді, платформалық бағдарламалық өнімдерді сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдар әлеуетті өнім берушілерді тарту, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісінің, платформалық бағдарламалық өнімдердің техникалық-экономикалық, пайдаланушылық және өзге де сипатталымын нақтылау мақсатында қызметті жоспарланатын автоматтандыруды жария талқылауды қамтамасыз етеді.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік функциялар автоматтандырылу дәрежесіне қарай:
1) толығымен автоматтандырылған;
2) ішінара автоматтандырылған болып бөлінеді.
Құрамына кіретін процестердің барлық операциялары «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінде орындалатын мемлекеттік органның функциясы толығымен автоматтандырылған болып табылады.
Құрамына кіретін процестер операцияларының бір бөлігі «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінде орындалатын мемлекеттік органның функциясы ішінара автоматтандырылған болып табылады.
26-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасы
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік органның қызметін, мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасында жүзеге асырылады.
Оператор ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету арқылы платформалық бағдарламалық өнімді ұсынуға құқылы.
«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына меншік құқығы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, платформаның көмегімен жасалатын және (немесе) онда орналастырылған, басқа меншік иелеріне немесе иеленушілерге тиесілі деректерге меншік құқығын туындатпайды.
Мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру, сондай-ақ деректерді талдау кезінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасында орналастырылған деректерді пайдалану деректердің меншік иелерінің немесе иеленушілерінің келісімінсіз жүзеге асырылады.
2. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын мемлекеттік функцияларды іске асырудан және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуден басқа өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.
3. 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру арқылы мемлекеттік функцияларды автоматтандыруды іске асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын және олардың «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасында жұмыс істеуіне рұқсат ету тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
27-бап. «Электрондық үкіметтің» веб-порталы
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. «Электрондық үкіметтің» веб-порталы, нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «ортақ терезесін» білдіретін ақпараттандыру объектісі болып табылады.
«Электрондық үкіметтің» веб-порталын күтіп-ұстауға, жүргізуге және электрондық ақпараттық ресурстармен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтер «электрондық үкіметтің» веб-порталы және ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы көрсетілуі мүмкін.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алушы субъектілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір реттік парольді немесе биометриялық сәйкестендіруді пайдалана алады.
28-бап. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттандыру объектісі «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі болып табылады.
2. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі:
1) электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алушы субъектінің төлемдер жүргізуге арналған сұрау салуларын беруді;
2) электрондық нысанда қызметтер көрсететін субъектіні электрондық нысанда қызметтер көрсеткені үшін төлемдердің жүзеге асырылғаны туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.
3. Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қызметтер көрсету шеңберінде төлемдерді қабылдау және жүргізу процестеріне қатыса отырып, осы процестерге қатыстырылған өздерінің ақпараттық жүйелерінің «электрондық үкіметтің» төлем шлюзімен тікелей не банкаралық ақша аударымдары жүйесі операторының ақпараттық жүйесі арқылы интеграциясын қамтамасыз етеді.
29-бап. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы
1. «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына кіретін және ақпараттық қауіпсіздіктің талап етілетін деңгейін сақтай отырып, мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған өзге де ақпараттандыру субъектілерінің жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желісі мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы болып табылады.
2. Мемлекеттік органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған өзге де ақпараттандыру субъектілері жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимыл жасауы үшін мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын ғана пайдалануға міндетті.
3. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына қосылған жергілікті, ведомстволық және корпоративтік желілерді жалпыға ортақ пайдаланымдағы телекоммуникациялар желілеріне және басқа да телекоммуникациялар желілеріне жалғау ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
30-бап. Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі және «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзі
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің меншік иелері мен иеленушілерінің ақпараттандыру объектілерін Интернетке қосуды байланыс операторлары Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі арқылы жүзеге асырады.
1-1. 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ақпараттандыру объектілерін Интернетке қосу ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары - жедел мақсаттарда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Интернетке қосуды Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін пайдаланбай ұйымдастыруы мүмкін.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы функцияларының іске асырылуын ескере отырып, Интернетке қосуды Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін пайдаланбай ұйымдастыруы мүмкін.
4. Мемлекеттік органның электрондық поштасының сыртқы электрондық поштамен электрондық өзара іс-қимылы электрондық хабарларды «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзі арқылы қайта жіберу арқылы жүзеге асырылады.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 30-1-баппен толықтырылды
30-1-бап. Ұлттық бейнемониторинг жүйесі
1. Ұлттық бейнемониторинг жүйесі ұлттық қауіпсіздікті және қоғамдық құқық тәртібін қамтамасыз ету міндеттерін шешу үшін бейнекескіндерді жинауды, өңдеуді және сақтауды жүзеге асыратын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығын білдіретін ақпараттық жүйе болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделмеген міндеттерді шешу үшін Ұлттық бейнемониторинг жүйесі алған мәліметтерді пайдалануға жол берілмейді.
3. Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне міндетті түрде қосылуға жататын объектілердің санаттары мыналар болып табылады:
1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бейнебақылау жүйелері;
2) террористік тұрғыдан осал объектілерді бейнебақылау жүйелері;
3) қоғамдық және жол қауіпсіздігін бейнебақылау жүйелері.
Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне міндетті түрде қосылуға жататын объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен келісу бойынша айқындайды.
4. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мен ішкі істер органдары Ұлттық бейнемониторинг жүйесін пайдаланушылар болып табылады.
Ұлттық бейнемониторинг жүйесін пайдалануға құқығы бар қызметтердің, бөлімшелердің және қызметкерлер санаттарының тізбесін Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының және ішкі істер органдарының басшылары айқындайды.
Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеуі нәтижесінде алынған мәліметтер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда өзге де мемлекеттік органдарға берілуі мүмкін.
5. Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бекітеді.
31-бап. «Электрондық үкіметтің» архитектуралық порталы
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. «Электрондық үкіметтің» архитектуралық порталы мемлекеттік органдардың ақпараттандыру саласында мониторингтеу, талдау және жоспарлау үшін одан әрі пайдалануы мақсатында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді, платформалық бағдарламалық өнімдерді есепке алуды, сақтауды және жүйелендіруді, «электрондық үкіметтің» архитектурасын жүзеге асыруға арналған ақпараттандыру объектісі болып табылады.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері «электрондық үкімет» архитектурасын қалыптастыру және оның іске асырылуын мониторингтеу қағидаларына сәйкес «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және олардың техникалық құжаттамасын орналастыру.