Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № 932 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
Е. Сарсембаев |
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 932 бұйрыққа
қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. «Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 326 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14966 болып тіркелген);
2. «Сот сарапшыларының біліктілік даярлығы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 342 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15003 болып тіркелген);