«Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 26 қазандағы № 567 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5574 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауында:
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
«19-1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар тиісті қаржы жылындағы республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы талдамалық есепті дайындау кезінде мынадай құрылымдық бөлімшелер ұсынған деректерді пайдаланады:
есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейін:
мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын бөлімше - жоспарларды асыра орындау немесе орындамау себептерін талдаумен төлеушілер бөлінісінде дивидендтер төлеу жоспарын орындау бойынша талдамалық ақпаратты;
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның кірістерді талдау функцияларын жүзеге асыратын бөлімшесі - есепті жылда республикалық бюджетке түсетін салықтар мен төлемдердің түсім жоспарларының асыра орындалуы немесе орындалмауы себептеріне факторлық талдауды (сыртқы сауда айналымы көлемінің өзгеруі, минералдық шикізатқа әлемдік бағаның өзгеруі, салық салу базасының өзгеруі, жүйелік сипаттағы салықтық және кедендік заңнамадағы өзгерістер және басқа да факторлар).
бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның бөлімшесі - есепті жылда жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен төлемдердің түсім жоспарларының асыра орындалуы немесе орындалмауы себептеріне факторлық талдауды;
есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін: