Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында көтермелеу қағидаларын және құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 19 наурыздағы № 25-02-01/115 бұйрығы
Осы редакция 2017 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында көтермелеу қағидаларын және құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру тәртібі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Е. Нысанбаев) Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.