«Орал қаласының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 10 ақпандағы № 386 Қаулысы

Орал қаласының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 10 ақпандағы № 386 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» Конституциялық Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Орал қаласының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

2. Желаев селолық округі және Зачаган, Деркөл, Круглоозерный кенттері, «Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды жарақтандырсын.

3. Орал қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 10 мамырдағы № 1059 «Орал қаласының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 131479 болып тіркелді) қаулысының күші жойылсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қала әкімінің міндеттерін уақытша атқарушы

Ж. Дуйсенгалиев

 

Орал қаласы әкімдігінің

2026 жылғы 10 ақпандағы

№ 386 қаулысына қосымша

 

 

Орал қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

 

Елді мекен атауы

Орналасатын жері

Орналасатын нысанның атауы

Саны

1

Орал қаласы

Жеңіс көшесі, Орал қаласының білім беру бөлімінің «Серебряково жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

Қалқан

1

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.