«Халықты және азаматтық қорғау саласындағы мамандарды ақпараттандыру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 494 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 19 тамыздағы № 338 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Халықты және азаматтық қорғау саласындағы мамандарды ақпараттандыру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 494 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20990 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 60) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген халықты және азаматтық қорғау саласындағы мамандарды ақпараттандыру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларында:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Осы халықты және азаматтық қорғау саласындағы мамандарды ақпараттандыру, білімді насихаттау, оқыту қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - заң) 12 - бабы 1-тармағының 60) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықты және азаматтық қорғау саласындағы мамандарды хабардар ету, білімді насихаттау, оқыту тәртібін айқындайды.»;
4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«4. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі-уәкілетті орган) және оның аумақтық органдары төтенше жағдайдың туындау қаупі туралы болжам болған кезде халықты алдын ала хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға Заңмен жүктелген өкілеттіктерге сәйкес азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды ұйымдастырады.»;
7-тармақ келесі редакцияда жазылсын: