«Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2016 жылғы 29 маусымдағы № 189 бұйрығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 28 шілдедегі № 220 бұйрығы

 «Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2016 жылғы 29 маусымдағы № 189 бұйрығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 28 шілдедегі № 220 бұйрығы

 

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2016 жылғы 29 маусымдағы № 189 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде № 14035 болып тiркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 тамызында жарияланған) келесі өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қызметшілерді аттестаттау олардың атқарып отырған лауазымдарына немесе үміттеніп отырған біліктілік санаттарына олардың білім деңгейлерінің және/немесе біліктілік сипаттамаларына сәйкестіктерін анықтау үшін өткізіледі.»;

5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Қызметшілер азаматтық қызметте болған әрбiр кейінгі үш жыл өткен соң, бiрақ осы лауазымға орналасқан күнінен бастап бір жылдан бұрын емес мерзімде аттестаттауға жатады.»;

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. Осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген мерзімнің өтуіне дейінгі мерзімде қызметшілердің бастамасы бойынша біліктілік санатын жоғарылату мақсатындағы аттестаттауын өткізу үшін, тағайындауға құқығы бар тұлғаның атына ерікті нысандағы өтініш беріледі. Қызметшілер осы Ереженің 2-тарауында белгіленген тәртіппен және шарттар бойынша аттестаттаудан мерзімінен бұрын өтеді.»;

10, 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.