Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің вексельдерді есепке алуы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 396 Қаулысы
(2018.29.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 22 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.29.10. № 246 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.29.10. № 246 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің вексельдерді есепке алуы қағидалары бекітілсін.
2. Банктерді қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің вексельдер есебін жүргізу ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің вексельдер есебін жүргізу ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына жіберсін.
3. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің вексельдер есебін жүргізу ережесі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1995 жылғы 18 мамырдағы № 17 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы вексельдік есеп айырысу жүйесі туралы уақытша ереженің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.
Ұлттық Банкі