«Санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесі құжаттарын әзірлеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-297/2020 бұйрығы (2025.05.05. берілген өзгерістермен)

Санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесі құжаттарын әзірлеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-297/2020 бұйрығы

(2025.05.05. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2025.21.04. № 39 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 5 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 94-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесі құжаттарын әзірлеу және бекіту қағидалары бекітілсін.

2. «Санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесі құжаттарын әзірлеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 197 бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10248 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 22 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде енгізілген сәттен бастап оны электрондық құжат нысанында Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.