(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ ҚАҒИДАЛАРЫ (ҚАЗАҚС...

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

міндетін атқарушының

2015 жылғы 24 ақпандағы

№ 171 бұйрығына 2-қосымша

 

Осы редакция 2021 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Ұялы байланыс қызметтерін көрсету

қағидалары
(2020.21.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018.28.05. № 234 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексіне, «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі -Заң) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында ұялы байланыс қызметтерін, сондай-ақ олармен технологиялық жағынан байланысты қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.

Осы Қағидалардың қолданысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұялы байланыс қызметтерін және олармен технологиялық жағынан байланысты қызметтерді көрсететін барлық байланыс операторларына, осы қызметтердің абоненттеріне және (немесе) пайдаланушыларына қолданылады.

ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015.04.12. № 1162 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017.21.11. № 403 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.28.05. № 234 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020.05.05. № 175/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.21.05. № 204/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) абонент - байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасасылған жеке немесе заңды тұлға;

2) абоненттер туралы қызметтік ақпарат (бұдан әрі - қызметтік ақпарат) - байланыс желілерінде қарсы барлау қызметі мен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсаттарына ғана арналған және мыналарды:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.