«Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынған аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2009 жылғы 14 қазандағы № 526 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 671 бұйрығы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 31-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынған аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2009 жылғы 14 қазандағы № 526 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5847 болып тіркелген, 2009 жылғы 24 қарашадағы № 179 (1602) «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 31-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынған аурулардың тізбесінде 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: