(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ШЕТЕЛДЕ, ОНЫҢ ІШІНДЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ШЕҢБЕРІНД...

Осы редакция 2017 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.31.03. № 237 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 9 сәуірдегі

№ 187 бұйрығына

№ 8 қосымша

 

 

 «Шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2016.21.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.

3. Мемлекеттік қызметті Министрлік және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап немесе порталға өтініш берген кезде - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

2) құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 30 (отыз) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут.

Шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау туралы ақпарат қөрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында жарияланады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.