«Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 27 қазандағы № 294 бұйрығы

«Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 27 қазандағы № 294 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1.«Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23901 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстардың вице-министріне жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.