(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА КАРАНТИНДІК ШАРАЛАРДЫ КЕЗЕҢІМЕН...

Предыдущая страница

9) дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, келушілердің демалуына арналған шағын сәулет нысандарын, жабдықтарды күнделікті дезинфекциялауды;

10) ұлттық парк аумағында орналасқан объектілердің үй-жайларын жинауға, қызметкерлердің қолын өңдеуге, тыныс алу органдарының ЖҚҚ арналған дезинфекциялық және жуу құралдарының азаймайтын (кемінде бір апта) қорын;

11) денсаулық жағдайы бойынша қарсы айғақтары жоқ кәмелетке толған адамдарды дезинфекциялау құралдарымен жұмысқа жіберуді;

12) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған сақтауды қамтамасыз етуі қажет. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.

13) жұмыс күні ішінде персоналдың дене қызуын бақылау, ЖРВИ және тұмау симптомдары бар персоналды жұмыстан шеттету мақсатында, ал COVID-19 (құрғақ жөтел, жоғары қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу) белгілері жоқ адамдар үшін респираторлық аурулар симптомдарының болуына қызметкерлерден сұрау оқшаулауды қамтамасыз ету және жедел жәрдемді дереу шақыруды;

14) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды тағайындау, келушілердің қозғалыс ағындарын бөлу, температураны өлшеу, персоналға нұсқама жүргізу, жеке қорғану құралдарын уақтылы ауыстыруды;

15) келушілерді санитариялық нормалар мен қауіпсіздік талаптары туралы хабардар етуді қамтамасыз етуі қажет.

 

Қарағанды облысының

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігері орынбасарының

2021 жылғы 7 қазандағы

№ 35-Қ қаулысына

34-қосымша

 

 

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде компьютерлік клубтарға,

бильярд залдарына және боулингтерге қойылатын талаптар

 

1. Объектінің әкімшілігі Infokazakhstan.kz сайтында сауда жасаушы тұлғалардың жұмыс жағдайларымен міндетті түрде танысады және тиісті келісімге қол қояды

2. Объектілердің қызметіне мынадай жағдайлар қамтамасыз етілген кезде жол беріледі:

1) объектіні ашар алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі жинау жүргізу( оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың және басқа да заттардың бетін дезинфекциялау құралдарымен жинау және өңдеу));

2) дене қызуы жоғары және/немесе инфекциялық ауру белгілері бар адамдарды жұмыс орнында болудан міндетті түрде шеттете отырып, контактісіз тәсілмен дене қызуын өлшеуге арналған аспаптарды қолдана отырып, персонал мен келушілердің дене қызуын бақылау. Көрсетілген симптомдардың белгілері болған кезде келушілерге қызмет көрсетуге жол берілмейді;

3) толтырылуы әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып (1 жұмыс орны арқылы немесе залдағы 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен) келушілерді орналастыра отырып, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысының талаптарына сәйкес;

4) компьютерлік клуб объектісінің әкімшілігі келушілердің жеке бір реттік қолғаптарды қолдануын қамтамасыз етеді, келушілер қолғапсыз компьютерлерге жіберілмейді;

5) міндетті түрде маскалар болған кезде персонал мен келушілердің объектіге қол жеткізуі;

6) объектіні қорғау қызметі мен еріктілік қызмет келушілердің, қызметкерлердің маска киюін, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықтың сақталуын міндетті түрде қадағалайды;

7) объектінің персоналы жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі, персоналдың қолғапсыз, маскасыз, сондай-ақ қорғаныш экрандарсыз жұмыс істеуіне жол берілмейді;

8) жұмыс (ойын) орындарын, компьютерлік периферияны (тінтуір, клавиатура, кілемше, құлаққап), жанасатын беттерді, жиһаздарды, құрамында спирті бар тазалағыш құралдарды әрбір келушіден кейін жинау және дезинфекциялау;

9) келушілердің қозғалысын бағыттау үшін еденге тиісті белгілер, қоршаулар мен тосқауыл ленталар салу арқылы әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар жиналуы мүмкін жерлерге жол бермеу;

10) келушілерді хабардар ету мақсатында әкімшілік әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, келушілерді орналастыру жоспарын әзірлейді және кіреберісте орналастырады;

11) келушілердің шотты төлеу кезінде байланыссыз аударымдар мен төлемдерді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, әрбір пайдаланғаннан кейін құрылғыны дезинфекциялау құралымен сүрту;

12) өндірістік бақылау журналына тіркей отырып, профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі.

13) міндетті кварцтау және бактерицидті шамдарды пайдалану. Экрандалмаған бактерицидті шамдарды пайдалану кезінде - адамдар болмаған жағдайда үй-жайларды кварцтау және кейіннен желдету кестесін сақтау.

3. Объектінің меншік иесі:

1) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адам тағайындауды (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);

2) кіреберісте, ресепшнде, үй-жайдың әрбір залында және санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнатуды;

3) ғимаратқа кіреберісте дезинфекциялық құралмен суланған дезинфекциялық кілемше орнатылады;

4) кварц шамдарын пайдалану кезінде олардың мүлтіксіз сақталуына жеке/өндірістік гигиена және бақылау ережелерін сақтау қажеттілігі, қауіпсіздік шаралары туралы қызметкерлер арасында нұсқама жүргізуді;

5) санитариялық тораптар жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы);

6) халыққа ауысымда кемінде екі рет ауыстыруға жататын маска, бір рет қолданылатын қолғаппен және қолды антисептиктермен өңдеумен бүтіндігі бұзылған кезде (келушілермен тікелей байланысы бар қызметкерлер) қызмет көрсетуді;

7) пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды таңбаланған контейнерлерге (полиэтилен қаптар) орталықтандырылған жинау, одан әрі қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жарату;

8) Техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекция жүргізуін;

9) арнайы бөлінген орындарда пайдаланғаннан кейін жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) тиісінше сақтау;

10) әрбір 2 сағат сайын жұмыс орындарын және келушілерге арналған үй-жайларды желдетуді;

11) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, байланыс беттерін (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындар, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, күніне кемінде 2 рет вирулицидтік әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, ылғалды жинауды жүргізді;

12) үй-жайларды жинау, қызметкерлердің қолдарын өңдеу, тыныс алу органдарының ЖҚҚ үшін дезинфекциялық және жуу құралдарының азаймайтын (кемінде бес күндік) қорының болуы;

13) денсаулық жағдайы бойынша қарсы айғақтары жоқ кәмелетке толған адамдарды дезинфекциялау құралдарымен жұмысқа жіберуді;

14) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған күйде сақтауды қамтамасыз етуі қажет. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.

4. Бильярд залдары мен боулингтер үшін келесі қосымша талаптарды сақтау қажет:

1) би алаңдарында жаппай би өткізуге жол берілмейді;

2) конкурстарды (өз үстелінен шықпай-ақ интерактивті іс-шаралардан басқа), ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды өткізуге жол берілмейді;

3) әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қаулыларының талаптарына сәйкес бильярд және боулингтің жұмыс істеуіне рұқсат етіледі;

4) бильярд және боулинг қызметтерін көрсететін объектінің әкімшілігі ойын кезінде келушілердің жеке, бір рет қолданылатын қолғаптарды қолдануын қамтамасыз етеді; келушілер қолғапсыз ойынға жіберілмейді.

5) бильярд орындарының әкімшілігі ойын үстелдерін бір-бірінен кемінде 4 метр қашықтықта орналастыруды қамтамасыз етеді;

6) ойын мүкәммалы (кии, бильярдқа арналған шарлар, боулингке арналған шарлар және т.б.) әрбір келушіден кейін құрамында спирті бар дезинфекциялық құралмен өңделеді.

 

Қарағанды облысының

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігері орынбасарының

2021 жылғы 7 қазандағы

№ 35-Қ қаулысына

35-қосымша

 

 

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде спорттық жарыстарды өткізуге

қойылатын күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим

талаптары

 

1. Жарыстар көрермендердің қатысуынсыз (бос мінбелер кезінде) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда бас санитариялық дәрігерлердің келісімі бойынша жергілікті жерлерде қауіпсіздікті және санитариялық нормаларды сақтауды қамтамасыз ету үшін белсенді аймақтарды (жердегі белгілер арқылы немесе шектеу тіректері, жалаушалар немесе әлеуметтік қашықтықты сақтауға арналған белгілер арқылы орындарды белгілеу) біркелкі бөлудің міндетті бар болатын орындарда өткізілуі тиіс.

2. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим талаптары:

1) командалардың (жарыстарды өткізу орнына барынша жақындатылған) бөлек және қауіпсіз тұруын және тамақтануын қамтамасыз ету;

2) қатысушылардың тұрғылықты, тамақтанатын және жарыстар өткізілетін жерлерден тыс жерлерге кіруін шектеу;

3) жарыстардың барлық ұйымдастырушылары мен қатысушыларында COVID-19 коронавирустық инфекциясына зерттеулердің теріс нәтижелерінің міндетті түрде болуы;

4) санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер) қамтамасыз ету;

5) ауа баптағыштарды тазалау;

6) әрбір 50-100 м сайын холлдарда, дәліздерде, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберістерде тері антисептигі бар санитайзерлер орнату;

7) есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жалпы пайдалану орындарының жанасатын беттерін (киім ілетін орындар, тамақ ішетін, дем алатын бөлмелер, санитариялық тораптар) кейіннен 15 минутқа желдете отырып, күніне кемінде 2 рет вирулицидті әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, үй-жайларды ылғалды жинауды жүргізу;

8) КВИ профилактикасы шаралары бойынша персоналға күнделікті нұсқама беру;

9) жұмыс күні ішінде жұмыскерлердің температурасын бақылауға және температурасы жоғары және инфекциялық ауру белгілері бар адамдардың жұмыс орнында болуына жол бермеу;

10) нормативтік құқықтық актілерде белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау.

 

Қарағанды облысының

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігері орынбасарының

2021 жылғы 7 қазандағы

№ 35-Қ қаулысына

36-қосымша

 

 

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде ойын-сауық

саябақтарының, аквапарктердің жұмысына қойылатын талаптар

 

1. Объектінің әкімшілігі Infokazakhstan.kz сайтында сауда жасаушы тұлғалардың жұмыс жағдайларымен міндетті түрде танысады және тиісті келісімге қол қояды

2. Объектілердің әкімшілігі әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қаулыларының талаптарына сәйкес ойын-сауық парктері мен аквапарктердің толтырылуын қамтамасыз етеді.

3. Аквапаркте клиенттерге қызмет көрсету үй-жайларды, жабдықтарды дезинфекциялау, ауаны зарарсыздандыру және желдету үшін кемінде 1 сағат үзіліс ұйымдастыра отырып, сеанстардың ұзақтығы 3 сағаттан аспайтын алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады.

4. Персоналдың және келушілердің кіру кезіндегі дене температурасын байланыссыз тәсілмен өлшеуге арналған аппараттарды (электрондық, инфрақызыл термометрлер, жылжымалы тепловизорлар) қолдана отырып бақылау, сондай-ақ қолды антисептикпен өңдеу.

5. Жіті инфекция белгілері болған кезде келушілерге қызмет көрсетуге жол берілмейді. Персонал вирустық инфекцияның қандай да бір симптомдары толық болмаған кезде ғана жұмысқа жіберіледі.

6. Кіреберісте, ойын-сауық аймақтарында, кассада және т.б. тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату;

7. Кіреберісте дезинфекциялық құрал сіңдірілген дезинфекциялық кілемшенің болуы;

8. Еден белгілерін, шектегіштер мен тосқауыл ленталарын салу, сондай-ақ кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, жабдықтарды (үстелдер, шезлонгтар және т.б.) орналастыру арқылы келушілер, қызметкерлер арасында әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету.

9. Саябаққа кіру және шығу үшін келушілердің бөлек ағынын қамтамасыз ету.

10. Өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды вирулицидті әсер ететін құралдармен бір күн ішінде белгіленген жиілікке сәйкес және жұмыс аяқталғаннан кейін есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, орындықтарды, орындықтарды, үстелдерді, орындықтарды), ортақ пайдаланылатын орындарды (киім ілетін орындарды, тамақ ішетін бөлмелерді, демалысты, санитариялық тораптарды), әрбір клиенттен кейін демалыс аймағында міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ылғалды жинауды жүргізу.

11. Ойын-сауық саябағы жұмыс істеп тұрған кезде нұсқаулыққа сәйкес әр 3 сағат сайын барлық беттерді дезинфекциялау және ауаны зарарсыздандыру жүргізіледі.

12. Беттерді дезинфекциялық өңдеу (есік тұтқалары, тұтқалар, орындықтар және т.б.) әр сеансқа дейін және одан кейін ойын-сауық саябағының әр аттракционында жүзеге асырылады;

13. Қызметкерлердің міндетті түрде маска мен қолғап киюі.

14. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган айқындаған жағдайларды қоспағанда, келушілердің маскаларды міндетті түрде киюі.

15. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғану құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау) сақтауға жауапты адамды айқындау.

16. Жауапты адамның журналдарды жүргізуі: қызметкерлердің температурасын өлшеу, маска беру, дезинфекция жүргізу.

17. Объектілерде маскаларды кәдеге жаратуға арналған арнайы контейнерлердің болуы.

18. Душ бөлмелерінен аквапарк аумағына шығатын жерлерде сланецтер мен өзге де аяқ киімдерді өңдеуге арналған дезинфекциялық ерітінділері бар сыйымдылықтар орнатылады.

19. Аквапарктің барлық жүзу құралдары мен мүкәммалы әрбір пайдаланғаннан кейін арнайы жабдықталған орындарда (дезинфекциялау құралдарының су айдынына немесе бассейнге түсуін болдырмай) дезинфекциялау құралдарымен үнемі өңделеді.

20. Су парктеріндегі су сапасына, су дайындау мен зарарсыздандырудың тиімділігіне өндірістік бақылауды санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес күшейту.

21. Профилактикалық тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі, желдету режимін сақтау.

 

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде ойын-сауық

саябақтарының, аквапарктердің жұмысына қойылатын талаптар

 

22. Объектінің әкімшілігі Infokazakhstan.kz сайтында сауда жасаушы тұлғалардың жұмыс жағдайларымен міндетті түрде танысады және тиісті келісімге қол қояды.

23. Объектілердің әкімшілігі әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып,бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қаулыларының талаптарына сәйкес ойын-сауық парктері мен аквапарктердің толтырылуын қамтамасыз етеді.

24. Аквапаркте клиенттерге қызмет көрсету үй-жайларды,жабдықтарды дезинфекциялау, ауаны зарарсыздандыру және желдету үшін кемінде 1 сағат үзіліс ұйымдастыра отырып, сеанстардың ұзақтығы 3 сағаттан аспайтын алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады.

25. Персоналдың және келушілердің кіру кезіндегі дене температурасын байланыссыз тәсілмен өлшеуге арналған аппараттарды (электрондық, инфрақызыл термометрлер, жылжымалы тепловизорлар) қолдана отырып бақылау, сондай-ақ қолды антисептикпен өңдеу.

26. Жіті инфекция белгілері болған кезде келушілерге қызмет көрсетуге жол берілмейді. Персонал вирустық инфекцияның қандай да бір симптомдары толық болмаған кезде ғана жұмысқа жіберіледі.

27. Кіреберісте, ойын-сауық аймақтарында, кассада және т.б. тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату;

28. Кіреберісте дезинфекциялық құрал сіңдірілген дезинфекциялық кілемшенің болуы;

29. Еден белгілерін, шектегіштер мен тосқауыл ленталарын салу, сондай-ақ кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, жабдықтарды (үстелдер, шезлонгтар және т.б.) орналастыру арқылы келушілер, қызметкерлер арасында әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету.

30. Саябаққа кіру және шығу үшін келушілердің бөлек ағынын қамтамасыз ету.

31. Өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды вирулицидті әсер ететін құралдармен бір күн ішінде белгіленген жиілікке сәйкес және жұмыс аяқталғаннан кейін есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, орындықтарды, үстелдерді, орындықтарды), ортақ пайдаланылатын орындарды (киім ілетін орындарды, тамақ ішетін бөлмелерді, демалысты, санитариялық тораптарды), әрбір клиенттен кейін демалыс аймағында міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ылғалды жинауды жүргізу.

32. Ойын-сауық саябағы жұмыс істеп тұрған кезде нұсқаулыққа сәйкес әр 3 сағат сайын барлық беттерді дезинфекциялау және ауаны зарарсыздандыру жүргізіледі.

33. Беттерді дезинфекциялық өңдеу (есік тұтқалары, тұтқалар, орындықтар және т.б.) әр сеансқа дейін және одан кейін ойын-сауық саябағының әр аттракционында жүзеге асырылады;

34. Қызметкерлердің міндетті түрде маска мен қолғап киюі.

35. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган айқындаған жағдайларды қоспағанда, келушілердің маскаларды міндетті түрде киюі.

36. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғану құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау) сақтауға жауапты адамды айқындау.

37. Жауапты адамның журналдарды жүргізуі: қызметкерлердің температурасын өлшеу, маска беру, дезинфекция жүргізу.

38. Объектілерде маскаларды кәдеге жаратуға арналған арнайы контейнерлердің болуы.

39. Душ бөлмелерінен аквапарк аумағына шығатын жерлерде сланецтер мен өзге де аяқ киімдерді өңдеуге арналған дезинфекциялық ерітінділері бар сыйымдылықтар орнатылады.

40. Аквапарктің барлық жүзу құралдары мен мүкәммалы әрбір пайдаланғаннан кейін арнайы жабдықталған орындарда (дезинфекциялау құралдарының су айдынына немесе бассейнге түсуін болдырмай) дезинфекциялау құралдарымен үнемі өңделеді.

41. Су парктеріндегі су сапасына, су дайындау мен зарарсыздандырудың тиімділігіне өндірістік бақылауды санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес күшейту.

42. Профилактикалық тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі, желдету режимін сақтау.

 

Қарағанды облысының

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігері орынбасарының

2021 жылғы 7 қазандағы

№ 35-Қ қаулысына

37-қосымша

 

 

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде

банкет залдарына, түнгі клубтарға, караокеге қойылатын талаптар

 

1. Объектінің әкімшілігі Infokazakhstan.kz сайтында жұмыстың талаптарымен міндетті түрде танысуды жүргізеді және тиісті келісімге қол қояды.

2. Объектінің қызметкерлері арасында COVID-19 таралуын болдырмау мақсатында:

1) қағаз немесе электрондық тасығышта тіркей отырып, дене температурасы жоғары және (немесе) респираторлық инфекция белгілері (температурасы жоғары, жөтел, мұрынның бітелуі) бар адамдарды байланыссыз термометрия жүргізе отырып және міндетті түрде оқшаулай отырып, күн сайынғы «кіру сүзгісін» ұйымдастыру;

2) объектіге кіру кезінде қолды тері антисептигімен (оның ішінде орнатылған дозаторлардың көмегімен) және дезинфекциялау сулықтарымен өңдеуге арналған орынды ұйымдастыру;

3) тұрақты қол гигиенасы үшін жалпы пайдалану орындарында (өндірістік үй-жайлар, санитариялық тораптар) қолды сабынмен жууға арналған қолжуғыштар (оның ішінде қабырғалық дозаторлармен жабдықталған), қолды тері антисептигімен өңдеуге арналған дозаторлар, қағаз немесе электр сүлгі, қақпағын ашуға арналған аяқ басқышы бар қоқыс контейнерлерін орнату қажет;

4) персонал келушілермен жұмыс істеу кезінде оларды пайдалану үшін бір рет қолданылатын медициналық маскалар қорымен (жұмыс ауысымының және маскалар ауысымының ұзақтығына қарай 2 сағатта кемінде 1 рет), сондай-ақ дезинфекциялық сулықтармен, қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерімен, қолғаптармен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етіледі. Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдалануға, сондай-ақ ылғалдандырылған маскаларды пайдалануға жол берілмейді;

5) объектінің қызметтік өндірістік үй-жайларында жұмыс орындары арасындағы қашықтықты (кемінде 1,5 метр) сақтай отырып, объектінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті персоналдың ең аз санының болуын қамтамасыз ету;

6) өндірістік процестермен (технологиялық жабдықты жөндеу және оған қызмет көрсету) байланысты жұмысты орындайтын адамдарды қоспағанда, объектінің қызметімен байланысты емес адамдардың қолжетімділігін шектеу;

7) үзіліс және демалыс уақытында объект қызметкерлерінің орын ауыстыруын шектеу (объект аумағынан шығу, өзінің лауазымдық міндеттерін орындаумен байланысты емес басқа учаскелерге орын ауыстыру);

8) объектіге келушілермен байланысатын қызметкерлерді анықтау қажет.

3. Объектілердің қызметіне санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мынадай жағдайлар қамтамасыз етілген кезде жол беріледі:

1) объектіні ашар алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып күрделі жинауды жүргізу (оның ішінде және жинау жиһаздың, қабырғалардың және басқа да заттардың бетін дезинфекциялау құралдарымен өңдеу);

2) персонал мен келушілердің дене температурасын байланыссыз тәсілмен бақылау. Жіті респираторлық инфекция симптомдары (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) және басқа да инфекциялық аурулар болған кезде қызмет көрсетуге жол берілмейді;

3) объектінің әкімшілігі келушілер арасындағы периметр бойынша кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, объектінің тамақтану залдарында келушілердің бір уақытта болуын қамтамасыз етеді; үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 м және орындықтар арасындағы қашықтық 60 см және бір үстелге 6 адамнан асырмай отырғызу қажет. Бар үстелінің артына отырғызу қашықтықты сақтай отырып қамтамасыз етіледі;

4) объектінің аумағына маскасыз кіруге және онда болуға тыйым салынады;

5) объектінің күзет қызметі келушілердің, қызметкерлердің міндетті түрде маска киюін, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықтың сақталуын қадағалайды;

6) объектінің қызметкерлері келушілерге қолдарын жиі өңдеу арқылы бір рет қолданылатын маска киіп (маскаларды 2 сағатта 1 реттен сиретпей ауыстыру) қызмет көрсетеді;

7) дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі.

4. Объектінің иесі:

1) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды бекітуді (температураны өлшеу, персоналға нұсқама жүргізу, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);

2) кіреберісте, сауда залдарының холлдарында, дәліздерде, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлер орнатуды;

3) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена және бақылау қағидаларын сақтау, кварц шамдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы нұсқама жүргізу және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылауды;

4) жеке гигиена құралдарымен санитариялық тораптарды (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы);

5) үй-жайларды жинау, қызметкерлердің қолын өңдеу үшін дезинфекциялау және жуу құралдарының, тыныс алу ағзаларына арналған ЖҚҚ-ның азаймайтын (кемінде бес күндік) қорын қамтамасыз етуі қажет.

5. Үй-жайлардағы ауаны зарарсыздандыру:

1) объектінің әкімшілігі ауа температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін ауа ортасын желдету және ауа баптау жүйелеріне тексеру (тазалау, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру және т.б.) жүргізеді;

2) қоса беріліп отырған нұсқаулыққа сәйкес ауаны кварц, бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалана отырып зарарсыздандыру жүргізіледі. Кварц шамдарын пайдалану қағидаларды қатаң сақтаған кезде, адамдар болмаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдете отырып жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі.

3) ауаны желдету және баптау жүйесін тазарту және дезинфекциялау жоспарлы профилактикалық жұмыстар кестесіне сәйкес жүргізіледі.

6. Үй-жайларды жинауға қойылатын талаптар: