«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № А-6/200 Қаулысы (күші жойылды)

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № А-6/200 Қаулысы

 

Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № А-2/27 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес, «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін келісу туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 6С-2-3 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулыныңқосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.З.Әділбековке жүктелсін.

3. Осы қаулы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап орын алған құқықтық қатынастарға тарайды.

4. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі

С. Кулагин

 

Ақмола облысы әкімдігінің

2016 жылғы 29 сәуірдегі

№ А-6/200 қаулысына

қосымша

 

 

Азаматтық қызметшілер болып табылатын жәнеауылдық жерде

жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру,

бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария

саласындағы мамандары лауазымдарының

тізбесі

 

1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:

1) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.