«Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 197 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 524 бұйрығы

«Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 197 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 524 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 197 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11722 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында:

3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаты (бұдан әрі – сертификат) иеліктен шығарылмайтын болып табылады және басқа тұлғаға берілмейді.

4. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі жылға беріледі.

Сертификаттың қолданылу саласы өзгерген кезде сертификат бұрын берілген (ағымдағы) сертификаттың қолданылу мерзіміне беріледі.

Жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін сертификат жарамсыз болып саналады.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) авиациялық техника – әуе кемесі, әуе кемесінің қозғалтқышы, әуе кемесінің әуе винті немесе оларға компонент орнатуға арналған;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.