«Павлодар қаласының ауылдар, Атамекен кенті және Кенжекөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 285/37 шешімі (2024.19.04. берілген өзгерістермен)

Павлодар қаласының ауылдар, Атамекен кенті және Кенжекөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 285/37 шешімі

(2024.19.04. берілген өзгерістермен)

 

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2024.27.03. № 137/15 шешімімен атауы жаңа редакцияда (2024 ж. 19 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабы 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» № 295 бұйрығына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2024.27.03. № 137/15 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 19 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Павлодар қаласының ауылдар, Атамекен кенті және Кенжекөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламенті (бұдан әрі - Регламент) бекітілсін.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім халық саны екі мың адам және одан аз ауылдар үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Регламенттің 4-тармағының 1) - 6) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.