«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қалалық, аудандық (қалалардағы аудандық) төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 60 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2025 жылғы 30 мамырдағы № 217 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қалалық, аудандық (қалалардағы аудандық) төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 60 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2025 жылғы 30 мамырдағы № 217 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қалалық, аудандық (қалалардағы аудандық) төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 60 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

осы бұйрыққа 1-қосымшада:

14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Құқықтары мен міндеттері:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінен, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдары мен азаматтарынан қажетті ақпаратты немесе мәліметтерді сұратуға және алуға;

2) азаматтық қорғау мақсаттары үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік ведомстволық және мемлекеттік емес жүйелерді, желілерді, байланыс және ақпарат беру құралдарын пайдалануға;

3) іс-әрекеттері немесе әрекетсіздігі қауіп төндірген немесе азаматтық қорғау саласындағы төтенше жағдайлар мен бұзушылықтардың туындауына әкеп соққан лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізуге;

4) сотқа дейінгі іс жүргізу жөніндегі міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін мамандандырылған есептерді, ақпараттық жүйелерді пайдалануға;

5) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін қылмыстық іс жүргізу заңнамасында белгіленген құзырет шегінде жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылық туралы өтініштерді немесе хабарламаларды қабылдауға, тіркеуге және қарауға;

6) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

15. Басқарманың функциялары:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.