«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 12 қаңтардағы № 8/НҚ бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 727 қаулысының 3-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 7-1, 8, 9, 10-1, 11, 12, 13, 13-1, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 20-1, 21, 22, 24-қосымшалары осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген бұйрықтың 29-қосымшаның 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мекеменің орналасқан жері: 030000 индексі, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, 101 Атқыштар бригадасы көшесі, 15 Б үйі.»;
көрсетілген бұйрықтың 32-қосымшаның 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мекеменің орналасқан жері: 070011 индексі, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 265/1.»;
көрсетілген бұйрықтың 37-қосымшаның 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мекеменің орналасқан жері: 120001 индексі, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Д. Қонаев көшесі, құрылыс 2 А.».
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: