«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 116 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24045 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде:
110-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мектепке дейінгі ұйымдар, орта білім беру ұйымдары, интернаттық ұйымдар, стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар, бір пәтерлі тұрғын ғимарат жер учаскесінің шекарасына;»;
114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«114. Көлік құралдарын сақтау және қызмет көрсету орындарынан (жер үсті және жер үсті-жер асты гараждар, жеңіл автомобильді тұрақты және уақытша сақтауға арналған ашық тұрақтар және техникалық қызмет көрсету станциясынан) бастап тұрғын үйлер және қоғамдық ғимараттар, сондай-ақ елді мекендердің тұрғын, қоғамдық-іскерлік және рекреациялық мақсаттағы аймақтарда орналасқан мектепке дейінгі ұйымдар, орта білім беру ұйымдары, интернаттық ұйымдар, стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға дейін өртке қарсы қашықтықтар осы Техникалық регламентке 9-қосымшаның кестесінде келтірілгеннен кем қабылданбауы керек.»;
115-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: